Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің нормативтік құқықтық бұйрықтарына жобаларына, сондай-ақ басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу; Министрлік қызметінде туындаған құқықтық мәселелер, нормативтік құқықтық бұйрықтар бойынша қорытындылар дайындауға қатысу; агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға құқықтық баға беру; өзге мемлекеттік органдардың, құрылымдық бөлімшелердің құқықтық сипаттағы хаттары бойынша жауаптар дайындау; министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің заң жобалау жұмыстары жоспарларын және заң жобалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі жекелеген тапсырмаларды қалыптастыруын және орындауын жалпы бақылау, олардың осы бағыттағы қызметіне әдістемелік басшылық жасау және бұл үшін қажетті ақпараттық және құқықтық көмек көрсету; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі,36
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,
e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz