Қостанай қалалық аумақтық инспекциясының бас маман - өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, 1 бірлік, № 05-3-3.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

161809

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  ауылшаруашылығы және биоресурстар саласында: агрономия немесе өсімдіктерді қорғау және карантині немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары: қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалары бойынша астықты сақтау және қайта өңдеу).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Функционалды міндеттер

(блок А-4)

Реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; өсімдіктерді карантині мәселелері бойынша шағымдарды, өтініштерді қарау; статистикалық есептерді, жұмыс жоспарын жүргізу; жеке құжаттаманы жүргізу. Өсімдіктер карантині жөніндегі  ҚР заңнамасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі іс – шаралардың орындалуы бойынша нұсқамаларды береді және олардың орындалуына  бақылау жасайды. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантиндік өнімдерге бастапқы карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Карантиндік өнімнің белгіленген пунктінде екінші мәрте карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Әкелінетін, шығарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс рәсімделуін қарайды. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау нысандарын қарау, бақылау, карантиндік фитосанитарлық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама және, қажет болған жағдайда, залалсыздандыру, жою, сонымен қатар олардың карантиндік немесе фитосанитарлық сертификатсыз тасымалдау немесе карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуды жүзеге асырады. Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, тұқым және карантиндік арамшөп өсімдіктердің жемістерін өміршеңдігінен айыруды, және (немесе) залалсыздандыру мен ағаш қаптау материалының таңбалануын қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты қайта өндеуді және оны қайта өндейтін өнімдерді жүзеге асыратын  нысандарға есептік нөмір беру, ғылыми – зерттеу мақсаттарында карантиндік нысандарды (карантиндік зиянды ағзаларды) әкелуге келісу. Әкімшілік құқықбұзушылықтар және әкімшілік жазалар қолдану туралы істерді қарау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін іс-шара.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.02.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.02.2022 – 09.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885