Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясының әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (1 бірлік)
Аумақтық инспекция
Астана қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормаларын орындауы бойынша шаралар қабылдайды; инспекция қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда белгіленген тәртіппен инспекцияның мүдделерін білдіреді; инспекцияның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда инспекция атынан түсіндірулер дайындайды; шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында инспекцияның қатысуымен болған даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтініштермен жүгінеді; персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) "Е-kyzmet" интеграциялық ақпараттық жүйесінде жұмысты жүргізеді; "Е-kyzmet" интеграциялық ақпараттық жүйесіне дербес деректердің уақтылы және дұрыс енгізілуіне бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін ресімдеуді және сақтауды қамтамасыз етеді; қызметтік тізімдерге және еңбек кітапшаларына қажетті жазбалар енгізеді; Мемлекеттік қызметке қабылданғандардың міндетті арнайы тексеруден өтуін және олардың салтанатты ант тапсыруын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу үшін материалдар мемлекеттік қызметшілерге тоқсандық және жылдық бағалау жүргізу; қызметкерлерді тәртіптік жазаға тарту және көтермелеу бойынша жұмысты үйлестіреді; инспекцияға кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастырады; жеке құрам және негізгі қызмет бойынша инспекцияның бұйрықтарын ресімдейді; қорғаныс істері жөніндегі басқармаға әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер бойынша есептерді дайындау және ұсыну; мұрағатқа тапсыруға жататын істерді ресімдейді және қалыптастырады; қызметкерлердің Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Нур-Султан, проспект Богенбай батыра, 6 А
-
8(71-72) 56-17-67; 8-700-752-95-62