Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Өскемен қалалық аумақтық инспекциясының бас маман- өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, 2 бірлік №18-04, №18-05.

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ АӨК МИК Шығыс Қазақстан аумақтық инспекциясы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласында: агрономия немесе өсімдік қорғау және карантин немесе топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Орта білімнен кейінгі білім ауылшаруашылығы, орман, балық шаруашылығы және ветеренария саласында: агрономия. Мемлекеттік лауазымда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болған жағдайда кәсіби және техникалық және ортадан кейінгі білімі жіберіледі.

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу;  Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

 

 

Функционалды міндеттер

(блок А-4)

Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы берілген нұсқаманың орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру. Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.02.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.02.2022 – 02.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

070004 Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Крылов көшесі 40, 2 қабат, 200 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885