Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі инспекторы,(негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс кезеңіне 09.01.2023),1 бірлік, № 08-2.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қызылорда облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

(блок А-4),Мемлекеттік лауазымда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес болған жағдайда кәсіби және техникалық және ортадан кейінгі білімі жіберіледі. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы жұмыстар атқару, ауданда фитосанитариялық мониторинг және фитосанитариялық іс-шараларға бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қаралған басқа да функцияларды атқару; пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға, тасымалдауға және қолдануға бақылау жасау; фитосанитарлық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуіне және уақтылы табыс етілуін қамтамасыз ету; пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру мен арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйіне бақылау жүргізу; өсімдіктерді қорғау іс-шараларын бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы насихаттау жұмыстарын жүргізу; Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік аймақтан карантиндік объектілердің әкелуінен немесе өз бетімен енуінен қорғау;  карантинді объектілерді анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Қазақстан Республикасының олар жоқ аймақтарына олардың енуінің алдын алу; Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік қызметінің фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу; фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді, карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді; карантинге жатқызылған өнім иелеріне Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы қолданыстағы заңнамасын түсіндіреді, әкелінетін карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін және эспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатының болуын тексереді, көлікті, карантинге жатқызылған өнімді сыртқы байқауды жүргізу; осы санаттағы бекітілген лауазымдық нұсқаулығына сәйкес міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.02.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.02.2022 – 24.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қызылорда қаласы Бейбарыс Сұлтан көшесі 30Г

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885