Ішкі аудит департаментінің директоры, санаты С-1, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-1 (Департамент директоры)

Орташа лауазымдық айлықақы

289700 - 391104

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

  • міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3.  А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  7. баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
  8. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  9. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
  10. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

1) Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы және мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

2) Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек, Әкімшілік рәсімдік-процестік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Азаматтық кодекстерін, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын, мемлекеттік бюджетті жоспарлау және оның атқарылуы саласындағы, мемлекеттік саясат мәселелері бойынша заңнаманы, Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуі, сонымен қатар негізгі мамандығының бейіні бойынша мерзімді қайта даярлау курстарын өткендігі туралы куәлігінің болуы және ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да  нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Функционалды міндеттер

Департамент қызметін үйлестіру, Департаменттің функциялары мен міндеттерін орындаумен байланысты құжаттар мен материалдарды сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыру, Департаменттің жұмыс жоспарын бекіту, Департамент қызметкерлерінің аудиторлық іс-шараларын сапалы орындауын және жүргізілген аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы Министрлік басшылығын уақтылы хабардар етуін бақылауды жүзеге асыру, Министр берген тапсырмалардың белгіленген мерзімде сапалы орындалуын ұйымдастыру, сондай-ақ, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттарды және материалдарды дайындауына Департамент қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз ету, белгіленген тәртіппен Департамент атынан шығыс құжаттарға қол қою, Департаментке келген кіріс хат-хабарларды қарау және Департамент қызметкерлеріне орындау үшін жіберу; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің алқа отырыстарына, сондай-ақ, Министр, Аппарат басшысы және Вице-министрлер өткізетін кеңестерге қатысу, Ішкі аудит қызметінің жұмысын басқару, аудиторлық объектілерінің жауапты тұлғаларын жазалау бойынша Министрге және Аппарат басшысына ұсыныстар енгізу, Министрліктің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен жұмыс кеңестерін өткізу, белгіленген қызметкерлер саны және еңбек ақы төлеу қоры шегінде Министрге және Аппарат басшысына Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі туралы ұсыныстар енгізу; департамент қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ оларды ынталандыру және тәртіптік жаза қолдану шаралары бойынша Аппарат басшысына кадрлық ұсыныстар ұсыну; Департамент қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекіту; заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.02.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.02.2022 – 18.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-918