Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, 1 бірлік.
Аумақтық инспекция
Астана қаласы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады; кадр, қаржы мәселелері бойынша, құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады; персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) "Е-kyzmet" интеграциялық ақпараттық жүйесінде жұмысты жүргізеді; "Е-kyzmet" интеграциялық ақпараттық жүйесіне дербес деректердің уақтылы және дұрыс енгізілуіне бақылауды жүзеге асырады; аттестаттау, тәртіптік, конкурстық және өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады; жеке құрам бойынша, демалыс бойынша және негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды ресімдейді; инспекцияның құжат айналымына бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу бойынша конкурстар өткізуді ұйымдастырады; инспекцияда кәсіби бейімделу мен тәлімгерліктің ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың (қайта даярлаудың, біліктілігін арттырудың) жоспар-кестесін жасайды; инспекция қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауы бойынша жалпы бақылауды жүзеге асырады; қызметкерлердің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама нормаларын орындауы бойынша шаралар қабылдайды; инспекция қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда белгіленген тәртіппен инспекцияның мүдделерін білдіреді; инспекцияның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда инспекция атынан түсіндірулер дайындайды; шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді; тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында инспекцияның қатысуымен болған даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтініштермен жүгінеді; қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша осыдан туындайтын бухгалтерлік, статистикалық және салықтық есептердің есебін жүргізеді, № 5 мемориалдық ордер жүргізеді; инспекцияның дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы есептерді ұсынады; инспекцияның бюджеттік бағдарламалары (кіші бағдарламалары) бойынша бекітілген ерекшеліктер бөлінісінде кассалық және нақты қаражат шығысының есебін жүргізеді; Инспекцияның ақшаны уақытша орналастыру шотына түсетін ақша қаражатының қозғалысын есепте көрсетеді; инспекцияның дебиторлық және кредиторлық берешегіне уақтылы түгендеу жүргізеді; инспекцияның қаржылық есептілігін жасайды, шоғырландырылған қаржылық есептілікті уәкілетті органға e-minfin.gov.kz; есепті кезеңді жабады, 1С бағдарламалық қамтамасыз етуде мемориалдық ордерлерді қалыптастырады; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын әзірлейді, Инспекция әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді қаржылық құжаттарды уақтылы және дұрыс ресімдеуге жауапты; бюджеттік өтінімдерді, Инспекцияның бюджеттік өтінімдеріне түзетулерді қарайды және келіседі; Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.02.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6 А,
-
8 (71-72) 56-17-67