Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шекарадағы ветеринариялық бақылау және азық-түлік қауіпсіздігі басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүргізу және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импорты рұқсат етілетін ұйымдарды анықтау туралы шешім шығарады; экспорттаушы шет елдердің аумағында Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың жұқпалы ауруларының әкелінуі мен таралуынан, басқа мемлекеттерден ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпті объектілердің әкелінуінен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын үшінші елдердің, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады; ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің ветеринария саласындағы құзыретті органдарымен ЕАЭО-ның құқықтық актілеріне сәйкес тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен тұлғаларға бірлескен тексерулер (инспекциялау) жүргізеді; Комитет басшылығына Кеден одағына мүше мемлекеттермен бірлесіп, ЕАЭО-ның құқықтық актілеріне сәйкес үшінші елдердің кәсіпорындарын ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді; халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісінше ақпарат негізінде экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болып табылған жағдайда, уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізеді; ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын қорғау бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың жобаларын келісімдейді; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шет елдердің ветеринариялық қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімін және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де халықаралық шарттарын іске асыруға қатысады; Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, Комитет басшылығына олар бойынша шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар дайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде өтініш берушілерге жауаптар жібереді; Басқарманың құзыретіне кіретін Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде ұсыныстар енгізеді; Басқарманың жұмыс жоспарын жасайды; Басқарманың құзыреті шегінде кеңестерге, отырыстарға және алқаларға презентациялық материалдарды дайындауға қатысады; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 31.01.2022
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 555 945