Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заң қызметі басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Сотта, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Комитеттің мүдделерін білдіреді; Комитетте нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізеді; Комитет әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс-жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады; Комитет төрағасының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындайды; Комитетте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады; заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Комитеттің құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша Комитет атынан түсiнiктеме дайындайды; шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді; тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитет пен оның аумақтақ бөлімшелерінің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы бырлық сот сатыларында қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді; белгіленген мерзімде келіп түсетін бақылау құжаттарын орындайды; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады; Комитет төрағасы мен Басқарма басшысының тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.01.2022
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 555 945