Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шекарадағы ветеринариялық бақылау және азық-түлік қауіпсіздігі басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің тиісінше орындалуы үшін дербес жауапты болады; басқарма сарапшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды; басқарманың Шығыс құжаттамасына бұрыштама қояды және орындауға алынған хаттар мен тапсырмаларды сарапшылар арасында бөледі; заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстарды, сондай-ақ көтермелеу шараларын және оларға тәртіптік жаза қолдану шараларын дайындайды және Комитет басшылығына ұсынады; Комитет Төрағасы мен төраға орынбасарының тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастырады; ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру саласындағы стратегиялық жоспарлардың, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы ратификациялаған ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдердің нормалары мен шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді; басшылықтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Халықаралық Эпизоотиялық бюрода және басқа да халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді және олармен эпизоотиялық салауаттылықты және объектілердің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; басқарма қызметкерлерінің жұмысын, оларға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бақылауды жүзеге асырады; тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мониторингілеу жоспарын әзірленуін және бекітілуін қамтамасыз етеді; ветеринариялық бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастырады; өз құқығы шегінде ветеринариялық есептің белгілі тәртіпте жүргізілуін және оларды ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте ұсынылуын қамтамасыз етеді; ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының тексеріс жүргізілетін субъектілермен сақталуы үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ техникалық регламенттермен анықталған талаптардың орындалуы, субъектілерге кедергісіз баруды қосқанда, оларға қатысты құқық бұзушылықтарға заңнамада қарастырылған шараларды қолдана отырып бақылау және қадағалауді іске асырады; Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан қорғау бойынша ветеринариялық шараларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауды үйлестіреді; Комитет басшылығына Кеден одағына мүше мемлекеттермен бірлесіп, ЕАЭО-ның құқықтық актілеріне сәйкес үшінші елдердің кәсіпорындарын ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді; ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің ветеринария саласындағы құзыретті органдарымен ЕАЭО-ның құқықтық актілеріне сәйкес тауарларды (өнімдерді) өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен тұлғаларға бірлескен тексерулер (инспекциялау) жүргізеді; мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүргізу және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импорты  рұқсат етілетін ұйымдарды анықтау туралы шешім шығарады; өз құзыретіне жататын ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының жеке және заңды тұлғаларымен сақталуы үшін  мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және іске асырады; шекара және кеден бекеттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль қатынасы шегінде орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды үйлестіреді және ұйымдастырады; басқарманың құзыретіне кіретін ЕАЭО-ның ветеринариялық-санитариялық шаралар жөніндегі келісімін және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де халықаралық шарттарын іске асыруға қатысады; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда істерді қарау, әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, бұйрықтар шығару және әкімшілік жаза қолдану жөніндегі жұмысты үйлестіру; шекарадағы ветеринариялық бақылау және тамақ қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық құжаттама жобаларын қарайды және келіседі; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 31.12.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.01.2022 – 10.01.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.01.2022

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 945