Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Мемлекеттік қызметтер және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Жерге орналастыру
- Кадастр
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған жер қатынастары саласындағы АӨК цифрландыру іс-шараларына қатысу және жүзеге асыру; Басқармаға келіп түскен корреспонденцияны қарау және уақытылы орындау; жер қатынастары саласын цифрландыру саласындағы жобаларды инициализациялау, координациялау және мониторинг жүргізу; жер қатынастарын цифрландыру саласындағы жүйелерге мониторинг жүргізу және интеграциялау және оларды оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; АӨК цифрландыру шеңберінде оңтайлы, экологиялық, техникалық және құқықтық шешімдерді әзірлеу; «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жер ресурстары, геодезия және картографиябойынша жобаларын жүзеге асыру; жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеуді және жетілдіруді жүзеге асыру және оларды іске асыру; жер қатынастары саласындағы бағдарламалық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілер жобаларын, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша іс-шараларды, Басқарманың норативтік және әдістемелік құжаттарын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі-МЖК ААЖ) енгізуді ұйымдастыру; бағдарламалық-техникалық кешендер, электрондық жүйелердің жинағы мен кадастрлық ақпараттарды сақтау негізінде МЖК ААЖ жаңғырту, оңтайландыру, сүйемелдеу және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу; бағдарламалық және техникалық жүйелерді таңдау бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу; МЖК ААЖ интеграциясы бойынша өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекет ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу; МЖК ААЖ бағдарламалық өнімдерді кеңейтетін әзірлеушілер үшін техникалық тапсырыстарды әзірлеуге қатысу; жер кадастрын жүргізетін кәсіпорындардың ақпараттық мұқтаждығы негізінде және МЖК ААЖ бизнес-процесстері мен мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, байланыс және ақпараттардыру салаларындағы заңнаманың талаптарына сәйкес МЖК ААЖ жаңғыртудың стратегиялық және техникалық жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау; мемлекеттік электронды қызметтерді, жер кадастры саласында бизнес процесстерді электронды түрде оңтайландыру мен автоматтандыруды іске асыруды ұйымдастыру; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу; Депутаттар сауалдарын, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Департамент пен Министрлік басшылығының тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырып, жауаптар дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге тапсырмаларды орындау. Басқарма құзырына кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.05.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8
-
74-23-49