ҚР АШМ АӨК МИК Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині және қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

-карантинді объектілер ошақтарын анықтау оның таралмауын, жоюын және ауыздықтау бойынша уақытылы және сапалы жүргізілуіне өз құзыреті шегінде бақылау және ұйымдастыру жұмыстарын жасайды;

-өсімдіктер карантині саласында озық тәжрибені және ғылым жетістектерін, нұсқауларды, методикалық қсынымдарды енгізуді жасауға қатысу,методиканы басшылыққа алуды қамтамасыз ету;

-фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған бейімдемелерге (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оған зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;

-карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды есепке ала отырып, зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;

-әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмдi тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндiк жете тексерудi, қажет болғанда –үлгiлерiн алу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргiзедi;

-өсімдіктен алынатын өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, қоймаға жинайтын, қайта өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл аруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты ішінара бақылау зерттеп-қарауды жүргiзедi;

-карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттар береді;

-карантинге жасырын және ластанған объектілердің болуына әкелетін  қоғалдандыру және отырғызу материалдарын тергеу жөніндегі шараларды ұйымдастырады және бақылайды;

 -Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау және карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктерді қорғау және  карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама беру және оның орындалуын бақылайды;

-мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды жүзеге асырады;

-мемлекеттік қызмет көрсетеді;

-мемлекеттiк фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру

фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.12.2021 – 10.12.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 15

Анықтама алу үшін байланыс

87775943399