Өсімдіктер карантині және қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2020 жылғы 17 қарашаға дейін).

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биология
  • Экология
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Аграрлық техника және технология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларына сәйкес карантинге жатқызылған өнімді карантиндік қарау; карантиндік және фитосанитариялық сертификаттар беру; өсімдікті қорғау және карантин саласында заң бұзушылық орын алған жағдайда құқық бұзушыны әкімшілік жазаға тарту бойынша жұмыстар жүргізу; карантиндік обьектілерді анықтау, оқшаулау және жою бойынша ағымдағы және жылдық есепті және жұмыс жоспарын жасау;  кіріс және шығыс құжаттарын сапалы және уақытында орындау; өсімдікті қорғау және карантин саласы бойынша заңнамалары шеңберінде басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.05.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2020 – 22.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.05.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 6А

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 98-96-09