Бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының бюджеттік, мемлекеттік сатып алу  заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу шараларын жүргізу; Комитеттің салалық басқармаларымен бірлесіп, бюджеттік бағдарламалар бойынша әр электрондық конкурсқа бұйрық жобасының дайындалуы мен оның орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру; конкурстық комиссияның жұмысына қатысу; Ауыл шаруашылығы министрлігінің веб-порталына және интернет ресурсына: мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын, электрондық конкурстың өтуі жайлы хабарлама, және бар болған жағдайда конкурстық құжаттар мен өзге де құжаттарды қалыптастыру мен жариялау; әлеуетті жеткізушілердің құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау, төлемге берілген тауарларды жеткізу актісі,  қызмет көрсету актісіне қол қою; Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.05.2020 – 19.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

25.05.2020

Сұхбаттасу орны

город Нур-Султан, улица Кенесары, 36, здание Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Анықтама алу үшін байланыс

8-707-340-5668