Астық, асыл тұқым инспекциясы және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Құқықтану
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; нормативті-құқықтық актілердің әзірленуіне қатысу; жиналыстарға қатысу, реттеу саласындағы мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізілетін конкурсқа құжаттарды дайындау және қатысу; астық нарығындағы облыстық аумақтық инспекциялардың жұмыстарын қадағалау; астық нарығын реттеу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мен астық нарығындағы мониторингті жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне жататын құжаттардың, соның ішінде бақылаудағы хаттарды, мемлекеттік органдардан келген хаттар мен жеке және заңды тұлғалардың хаттарын және Комитет басшылығының ауызша немесе жазбаша хат арқылы берген тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Агроөнеркәсіптік кешендегі мәселелер бойынша жиналыстарға қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.05.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы Кенесары көшесі 36. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты
-
8-707-340-5668