ҚР АШМ ВБжКҚ Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының шеқара маңы бекеттерің бақылау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

- Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады               -   Бөлімнің жұмысын жалпы басқару;

- Шекара бекеттеріндегі жұмыстарды ұйымдастырады:

- Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;

- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан:

ветеринариялық бақылау бекеттерінде;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру.

- орнын ауыстыратын (тасымалданатын) объектілерді әкелу, әкету және транзиті кезінде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасының маңындағы аумақтағы автомобиль қатынасы шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды іске асыру.

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық бойынша істерді қарастырады.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.11.2021 – 24.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.11.2021

Сұхбаттасу орны

Северо-Казахстанская область, г.Петропавловск, ул.Парковая, 57В

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)53-36-57