ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ғабит Мүсірепов аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
- Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
- Инспекция жұмысына басшылық жасайды;
- Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады:
- бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтау ,тасымалдау (жеткізу) және пайдалану;
- Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруға;;
- ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және орындау;
- мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды анықтайды; ;
- Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тамақ өнімдерін, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдауға, сондай-ақ олардың импорты, экспорты және транзиті кезінде;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізу және ондағы ақпаратты жаңарту;
- жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
- Ветеринариялық құжаттарды береді:
- Биологиялық материал мен орны ауыстырылатын объектілердің сынамаларын алуды, ветеринариялық зертханаға сынамаларды жеткізуді ұйымдастырады;
- Эпизоотологиялық тексеру жүргізеді;
- Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізуді ұйымдастырады, талдау жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады;
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.10.2021
- Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57 В
-
53-36-57, 87775245439