Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 12.07.2024 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік, № 16-6-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс
  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау, бақылаудағы құжаттардың орындалу нәтижесі бойынша басшылыққа үнемі ақпарат беру;  актілердің уақытылы орындалуы бойынша мониторинг жүргізу, құжаттандыру және құжаттаманы басқару жөніндегі нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; комитеттегі  мұрағат ісін жетілдіру бойынша әдістемелік және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру; құжаттарды одан әрі сақтау мақсатында құжаттарды өңдеу, есепке алу және ведомстволық мұрағатты пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; істер номенклатурасын қалыптастыру және уәкілетті органдармен келісу; нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу; құжаттарды сақтауға іріктеп алу және жою мақсатында құжат құндылығы жөніндегі сараптама комиссиясының жұмысына қатысу; мұрағат ісі мәселелері бойынша семинарлар мен консультациялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; кіріс хат-хабарларды өңдеу, оларды қарау, тіркеу және есепке алу, құжаттарды тиесілігі бойынша басшылыққа жеткізумен тарату және оларды комитеттің құрылымдық бөлімшелерінде жедел өтуін жүзеге асыру, Министрдің блогына түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын уақтылы қаралуына мониторингті жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың арыздары бойынша ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептілік жасауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тоқсан сайын қорытынды ақпаратты Министрліктің сайтында жариялау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.09.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.09.2021 – 17.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.09.2021

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

555-885