Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы лауазымы («С-R-4» санаты, 1 бірлік), индексі - 05-04-3.

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

95210 - 128834

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін шақырылған байқаушылар қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуы мүмкін.

Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Функционалды міндеттер

Ветеринария саласында белгіленген тәртіппен талаптардың орындалуын бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық нысандардың ветеринариялық-санитариялық жағдайының қауіпсіздігін қадағалайды. Экспорттау (импорттау) және транзиттау кезінде жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындау (сою), сақтау, пайдалану, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, сонымен қатар ветеринариялық препараттарды, азық және азық қоспаларын сақтау, өткізу және дайындау ұйымдарында  мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын жүктерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын, таралуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүзеге асырады.  «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, уақытында орындалуын қадағалау және статистикалық есебін беру. 10.10.2014 жылғы №114 Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен бекітілген ˝ Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы ˝ Нұсқаулықтың негізінде белгіленген нысанды әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алу және  әкімшілік жаза тағу туралы қаулылар болған жағдайда  орындалуы жөнінде кәртішкелерін еңгізу. ҚР БП ҚС және АЕ Комитетінің БҚО бойынша басқармасына 2015 жылғы 29 мамырдағы бекітілген «Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарлау қағидасын бекіту туралы» №67 бұйрығымен жұмыстану. Өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясын қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Бюджеттiк бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлудi және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткiзу) мен пайдалануға бақылау жасауды және қадағалауды жүргізеді. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етеді. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылайды және қадағалайды, жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтайды. Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауды көздейдi. Заңнамаға сәйкесті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.09.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.09.2021 – 23.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.09.2021

Сұхбаттасу орны

Кандидаты, участвующие во внутреннем конкурсе и допущенные к собеседованию, проходят его в ГУ «Западно-Казахстанская областная территориальная инспекция КВКиН МСХ РК» Западно-Казахстанская область, г. Уральск, ул. К.Аманжолова 75

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7112) 50-91-70