Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің бас маманы, («С-О-5» санаты, 1 бірлік) индексі – 06-5-6.

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

    Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Кандидат жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларды жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін шақырылған байқаушылар қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуы мүмкін.

Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Функционалды міндеттер

Ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, ветеринария саласы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың заңнамаларын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылауды жүзеге асыру.  Басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы аурулар қоздырғышын енгізу және таралуынан облыс аумағын қорғауға бағытталған шараларды іске асырады. Уәкілетті орган бекіткен Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау.

 Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, физикалық және зертханалық ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады. Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық  -санитариялық бақылау және қадағалау дүргізеді. Экспорттау, импорттау, транзиттеу және республиканың ішінде тасымалдау кезінде бақылауға жататын мемлекеттік жүктерге ветеринариялық бақылауды жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ветеринариялық бақылауды ұйымдастырады. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзеді. Ветеринариялық жете тексеруді, қарап-тексеруді, диагностиканы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізу кезеңінде, сондай-ақ олар ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған кезде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідіртуге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарастыруды жүзеге асырады,  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, әкімшілік айыппұлдарды салады, ветеринариялық есепті дайындаайдап ұсынады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарын іске асырады.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.09.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.09.2021 – 13.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.09.2021

Сұхбаттасу орны

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-сінде Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі 75 өтеді.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7112) 50-91-70