Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Функционалды міндеттер

реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Реттелетін салада мемлекеттің аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларды, бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асырады. Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады: өсімдіктерді қорғау ісі мәселесі бойынша шаруашылық субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Пестицидтердің (ядохимикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізудің жүргізілуіне қатысады. Семинар – кеңестерді ұйымдастыру және өткізу, бөлімнің жұмыс жоспарын құрастыру, РФД және БӘО жұмысын бағыттайды, ҚР АШМ АӨК МИК облыстық аумақтық инспекция басшылығымен анықталған басқа да құзіреттерді жүзеге асыру. Бөлім мамандарының еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдану. Заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.09.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2021 – 10.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қостанай қаласы, Л. Беда көшесі, 23а

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7142) 37-40-75, 51-52-61