Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Мониторинг және талдау басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды сапалы және уақытылы орындайды; мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі құжаттардың (мемлекеттік бағдарламалар, үкіметтік бағдарламалар, Министрліктің стратегиялық жоспары, Министрліктің операциялық жоспары, Департаменттің жылдық жоспары)іске асуы бойынша мониторингтік есеп қалыптастырады; Министрлік дамытатын салалардың жай-күйі бойынша мониторингтік есепті қалыптастырады; Министрлік дамытатын салалардың жай-күйі бойынша аналитикалық есепті (Қазақстан Республикасы бойынша, облыстар бойынша есептер) әзірлейді; Департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,
e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz