Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмыстарын жалпы басқару; Басқарма қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау, жоспарлау; Министрліктің бөлімшелерінің өзара байланысын және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара қарым-қатынасты үйлестіру; Министрліктің және ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің абырой-беделін сақтау және көтеру; Министрліктің ресми өкілі ретінде БАҚ-қа ақпарат беру, жауап беру, бұқаралық ақпарат құралдары басшылары арасында байланыс орнату мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас қалыптастыру; Министрлікте өтетін іс-шаралар туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарына жетуін қамтамассыз ету; Министрлік басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қарым-қатынасын жолға қою, PR-акцияларын, баспасөз-конференциялары мен сұқбат беру, баспасөз-турларын ұйымдастыру және өткізу; Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен, ҚР АКМ орталық коммуникация қызметімен өзара байланыс жасау; Медиа-жоспардың жүзеге асуын, бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттің аграрлық саясатының іске асу барысы туралы ақпарларын қадағалау; Министрліктің даму стратегиясы мен тапсырмаларына сәйкес, комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің ақпараттық саясат концепцияларын дайындау; Министрліктің ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына ақпарат салуды үйлестіру; Министрліктің интернет-ресурстарын қолдау мен жүргізуге, мерзімді басылымдарға жазылу үшін компанияларды ұйымдастыруға бөлінген бюджеттік қаржыны дер кезінде игеруді бақылау; ақпараттық-имидждік саясат мәселелері бойынша оқу-үйрету тренингтері мен семинарлар ұйымдастыру; Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоғамдық кеңесінің жұмысын үйлестіру, нормативтік-құқықтық актілердің жобасы бойынша сараптамалық қорытынды беру. Басқармаға келіп түскен корреспонденцияларды қарау және тарату. Жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,
e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz