Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 2 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • Кадастр
  • Бағалау

Функционалды міндеттер

Жергілікті атқарушы органдардың тәуекел деңгейі критерийлеріне байланысты заңды шешімдер қабылдауын бақылауды жүзеге асыру; жер учаскелеріне құқық беру тәртiбiнің, сондай-ақ елді мекен шегінде құрылыс объектілерін салу үшін жер учаскесін беру тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік жер кадастрының дұрыс жүргізілуін бақылау; жерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыру; жер заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау; жер заңнамасы салаларында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; жер заңнамасы салаларында орын алған бұзушылықтарды жою бойынша әкімшілік жаза қолдану және орындау үшін міндетті нұсқамалар беру; жер қатынастары мәселесі  бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру қорытындыларын өңдеу және талдау жасау. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Үкіметі үшін, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет пен Министрлік басшылығы үшін ақпараттық, талдамалық материалдар дайындау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтармен (жер қатынастары бойынша азаматтарды қабылдау, шағымдар мен өтініштердің орнына бару арқылы қарау) жұмыс жасау. Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.08.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.08.2021 – 20.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.08.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел 8, Министрліктер үйі, 10- кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-23-39