Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

реттелетін салада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Шаруашылық жүргізетін субъектілерге карантиндік бақылауды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету; карантин ісі мәселелері бойынша арыз – шағымдарды қарастыру; жұмыс жоспарын құрастыру; ақпараттарды жинау, жеке құжаттаманы жүргізу; дау мәселелері туа қалған жағдайда сарапшы болу. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантиндік өнімдерге бастапқы карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Карантиндік өнімнің белгіленген пунктінде екінші мәрте карантиндік фитосанитарлық бақылауды және қадағалауды өткізеді. Әкелінетін, шағарылатын және транзиттік өнімдердің карантиндік құжаттарының барын және оның дұрыс рәсімделуін қарайды. Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын және карантинге жатқызылған өнімді және мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау және қадағалау нысандарын қарау, бақылау, карантиндік фитосанитарлық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама және, қажет болған жағдайда, залалсыздандыру, жою, сонымен қатар олардың карантиндік немесе фиосанитарлық сертификатсыз тасымалдау немесе карантиндік фитосанитарлық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тоқтатуды жүзеге асырады. Карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, тұқым және карантиндік арамшөп өсімдіктердің жемістерін өміршеңдігінен айыруды, және (немесе) залалсыздандыру мен ағаш қаптау материалының таңбалануын қамтамасыз ететін технологиялар бойынша астықты қайта өндеуді және оны қайта өндейтін өнімдерді жүзеге асыратын  нысандарға есептік нөмір беру, ғылыми – зерттеу мақсаттарында карантиндік нысандарды (карантиндік зиянды ағзаларды) әкелуге келісу. Әкімшілік құқықбұзушылықтар және әкімшілік жазалар қолдану туралы істерді қарау. Өсімдіктер карантині жөніндегі  ҚР заңнамасымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, өсімдіктер карантині жөніндегі іс – шаралардың орындалуы бойынша нұсқамаларды береді және олардың орындалуына  бақылау жасайды. Бөлім басшысымен белгіленген басқа міндетерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.08.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2021 – 11.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қостанай қаласы, Л. Беда көшесі, 23а

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7142) 37-40-75, 51-52-61