ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту басқармасының сарапшысы, C-5 санаты (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 12 наурызға дейін)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Салалық және секторалдық бағдарламаларды әзірлеу, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды уақтылы әрі сапалы орындау, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі жағдайы мен дамуын мониторингілеу, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуын болжауды жүзеге асыру, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібінің отандық және әлемдік өндірісін, экспортын, импортына талдау жасау, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелеріне талдау жасау, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу және құқықтық мониторинг жүргізу, елдің өнеркәсіптік қауіпсіздігін дамытуға, халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласын мемлекеттік қолдауға бағытталған шараларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында бюджеттік өтінім мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі саласында бизнес-жаспарларға, инвестициялық жобаларға қорытындыларды әзірлеу, басшылық және жоғары тұрған ұйымдарға ақпарат дайындау, талдамалы ақпараттарды, сонымен қатар азаматтар сұрақтарына жауапты жинақтау және Ауыл шаруашылығы министрінің блогы мен бұқаралық ақпараттық құралдарға орналастыру,  анықтамалар мен басқа да құжаттарды әзірлеу, Департамент құзыретіне кіретін Департаменттің, Министрліктің басшыларының тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.07.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.07.2021 – 04.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Кенесары, 36

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71-72) 555-918