Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы, C-O-1 (1 бірлік)
ҚР АШМ ВБҚК «Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ
Алматы қаласы
182456 - 246519
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Инспекция басшысы Инспекцияның қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапты болады.
заңнамаға сәйкес инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
өзінің орынбасарын тағайындау туралы комитет төрағасына ұсыныс енгізеді;
өзінің орынбасарының, инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды; заңнамамен анықталған тәртіпте, Инспекция басшысы Инспекцияның аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары басшыларын, облыстық, аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жазаға тартады;
бұйрықтарға, қазынашылық департаментіне қатысты барлық құжаттарға (келісім-шарттар, өтінімдер, төлем шоттар және т.б.) қол қояды;
Инспекцияның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, өзінің құзіреті шегінде аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының құрылтай құжаттарын бекітеді;
инспекция басшысы орынбасарынан басқа, инспекция мамандарының, инспекцияның аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары басшыларының, мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
заңнамада белгiленген тәртiпте іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
өз құзыреті шегінде Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады;
ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтайды.
Павлодар облысы аумағында, ветеринарлық бақылау бекеттерін қоса алғанда мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берілген өкілеттіктер шегінде Алматы қаласы аумағында мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізу мақсатында орындауға міндетті актiлер шығарады;
ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заң талаптарының, Қазақстан Республикасы Президентіінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының заңды және жеке тұлғалардың орындалына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу:
Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды бақылау жасауды және қадағалауды ұйымдастыруды іске асырады.
Жануарлар ауруларын болдырмауға, таралмауына немесе жоюды, алдын алуды, емдеуді немесе диагностикалауды қоса алғанда бағытталған ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру, залалсыздандыру (зарарсыздандыру), адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауырған жануарларды тәркілеп алып жою; жануарлардың өнімділігін арттыру; адамдарды жануарлардың жұқпалы ауруларынан, сонымен қатар жануарлар мен адамға ортақ ауруларынан қорғау мақсатында жануарлардың өнімдері мен шикізаттарының, азық және азық қоспаларының, бірдейлендіру рәсімдерін қоса алғанда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің орындалуын жүзеге асырады.
Ветеринарлық-санитарлық объектілердің қауіпсіздігіне мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды іске асырады,
Жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың азықтан улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді;
Жануарларды бірдейлендіруді мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабының 1-1 тармағында қарастырылған, ветеринария саласында қызмет көрсететін, бөліп айтқанда ішкі іс-шараларды орындайтын жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады.
Заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және іске асырады.
Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінген жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан қорғауды ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көз¬делген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады.
Алматы қаласы аумағындағы ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланы¬латын жануарлар ауруларының қоздырғыштары штаммдарының пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады.
Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, азық және азық қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады.
Өз құзыреті шегінде Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 20.07.2021
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 555 945