ҚР АШМ АӨК МИК Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
Ақмола облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе бухгалтерлік есеп және аудит немесе қаржы немесе экономикалық кибернетика) немесе білім немесе құқық (құқықтану) саласында
Функционалды міндеттер
еңбекақыны, жәрдемақыны есептеу және төлеу жөнінде жұмыс жүргізу; қаржылық жоспарларын жасау; банк операцияларын жүргізу; қаржылық, салықтық және статистикалық есептерді жасау; материалдық құндылықтарды қабылдау, жіберу және есепке алуын қамтамасыз ету; активтердің, аз құнды тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтарды сақтау, пайдалану жөнінде талдау өткізу мен есеп беру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.07.2021
- Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 111а үй
-
8 (7162) 25-09-36, 25-09-00