Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды сапалы және уақтылы орындайды;
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мынадай құжаттарының жобаларын әзірлейді:
- Мемлекеттік бағдарлама;
- Министрліктің Стратегиялық жоспары;
- Министрліктің Операциялық жоспары;
- Министрліктің «Мақсаттар ағашы»;
- Министрліктің Басқару есептілігінің картасы;
- Департаменттің Жылдық жоспары;
- Басқарманың жұмыс жоспары;
Департамент үшін қажетті шығындар бойынша Бюджеттік өтінімдер; Министрлік дамытатын сала субъектілерінің мүддесінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаттарын түзету бойынша ұсыныстар дайындайды; Министрліктің Жауапты Хатшысымен бекітілген бекітпеге сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындайды; Министрлік дамытатын сала субъектілерінің мүддесінде өзге де нормативтік құқықтық актілерді түзету немесе әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді; ауыл шаруашылығы кооперациясын ілгерілету бойынша стратегиялық құжаттарды әзірлейді және қалыптастырды, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндірістік көрсеткіштерін талдайды, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,
e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz