Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті Қаржы құралдары басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 09.01.2020 ж. бастап 31.12.2024 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Агроөнеркәсіптік кешендегі салық жүйесінің тиімділігін арттыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігінің өтеуін субсидиялау бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру; АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру іс-шараларын іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру; Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру; ауыл шаруашылығында аграрлық қолхаттарды енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру; агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеу, Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру; кредиттік серіктестіктер жүйесін дамытуды жетілдіру бойынша мәселелерді үйлестіру; "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі " акционерлік қоғамының кредиттік-инвестициялық қызметін ұйымдастыруды үйлестіру; Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлеу; Басқарма құзыреті шегінде іске асырылатын Агроөнеркәсіптік кешендегі бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету; агроөнеркәсіптік секторда бағдарламалық құжаттарды әзірлеу; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу және келісу; құзыреті шегінде басқарма, департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.04.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.04.2020 – 23.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,

e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz