Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті Микрокредиттің берілуін мониторингтеу басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Биотехнология
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Агроөнеркәсіптік секторда стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды, заң жобаларын, бағдарламаларды және өзге де бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеуге және келісуге, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Министрдің Агроөнеркәсіптік кешенде жаңа қаржы құралдарын құру және қолданыстағы қаржы құралдарын жетілдіру мәселелері бойынша бұйрықтарын әзірлеуге қатысу; микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер беретін кредит беру және микрокредит беру, кредиттер/микрокредиттерді кепілдендіру, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау жөніндегі жұмыстарды мониторингтеу және ұйымдастыру; Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; басқарма құзыреті шегінде іске асырылатын бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету; Басқарма құзыреті шегінде кеңестер, министрлік алқасының отырыстарын және өзге де іс-шараларды өткізу үшін анықтамалар мен тұсаукесерлік материалдарды дайындау; Басқарма құзыреті; құзыреті шегінде басқарма, департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,
e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz