Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті Қаржы құралдары басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің оқу демалыс кезеңіне 02.09.2019 ж. бастап 30.06.2021 ж. дейін), санаты С-3, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Өсімдік қорғау және карантин
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын ұйымдастыру және қызметіне жалпы басшылық жасау, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігінің өтеуін субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру; АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру іс-шараларын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру, оның іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру; ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау іс-шараларын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру, оның іске; агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігін өтеу, Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру; ауыл шаруашылығында аграрлық қолхаттарды енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру; Агроөнеркәсіптік кешендегі салық жүйесінің тиімділігін арттыру, жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді ұйымдастыру; кредиттік серіктестіктер жүйесін дамытуды жетілдіру бойынша мәселелерді үйлестіру; «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының кредиттік-инвестициялық қызметін ұйымдастыруды үйлестіру»; бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Министрдің бұйрықтарының жобаларын әзірлеуге қатысу, құзыреті шегінде Департамент және Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Нур-Султан, ул. Кенесары, 36
-
анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870,
e-mail: konkurs.ca@msh.gov.kz