Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2

Орташа лауазымдық айлықақы

204046 - 275719

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  8. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

    Функционалды міндеттер

    Департаменттің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету, персоналды басқару және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі басқармаларының қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, Министрліктің алқа қаулыларының, Министрдің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің қатысуымен іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету; Министрліктің ұйымдастырушылық қызметін регламенттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысу; бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті атқаруына, мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйі мониторингіне байланысты Министрліктің шешімдерін ресімдеуге бақылауды жүзеге асыру; қызметкерлердің лауазымдарына сәйкестігін айқындау жөніндегі аттестаттау комиссиясын құруға және оның жұмысына, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін айқындау жөніндегі комиссия жұмысына қатысу; мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелерін реттеу; қызметтік хат-хабардың уақытылы өтуін және жолдануын, электрондық құжат айналымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; Министрліктің ведомстволық мұрағатының жұмысына бақылауды эүзеге асыру; Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңынан туындайтын қаралардың орындалуын қамтамасыз ету;  заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 20.04.2020

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    21.04.2020 – 23.04.2020
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(7172) 555-870