Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің директоры, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-1 (Департамент директоры)

Орташа лауазымдық айлықақы

289700 - 391104

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Ескертпе: Мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған функциялар жүктелген бөлімшелер мен ведомстволардың С-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей қосымша үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

  • міндетті түрде «Б» корпусының А, В, C-O, C-R, D, D-O, D-R, E, E-R және E-G санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында, саяси мемлекеттік лауазымдарда, немесе құқыққорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде, немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік емес мекемелерде, оның ішінде олардың филиалдарында, өкілдіктерінде немесе өзге жекелеген құрылымдық бөлімшелерінде, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3.  А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде жылдық орташа штат саны елу адамнан кем емес мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  7. баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
  8. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  9. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
  10. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Биотехнология
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Департамент қызметіне жалпы басшылық жасау; Департамент құзыретіне кіретін құжаттар мен материалдардың сапалы және уақытылы орындалуын ұйымдастыру. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірге дайындауға Департаменттің қатысуын қамтамасыз ету; Департаменттің құрылымы бойынша ұсыныстар енгізу; Департамент қызметкерлерінің міндеттерін бөлу; Департаменттің қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату бойынша, оларды көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану бойынша шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізу; Министрліктің алқа отырыстарына, кеңестеріне қатысу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің регламенттеріне және іс жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес Департаментте іс қағаздарының жүргізілуін, сондай-ақ, мемлекеттік құпияның сақталуын қамтамасыз ету; экспорттық саясатты дамыту, халықаралық қатынастар мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; экспорттық саясат және  халықаралық істер мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарын және экспорттық саясаттың басқа салалық бағдарламаларын іске асыру мониторингісін жүзеге асыруға жұмыс жүргізу, экспорттық саясатты дамыту, халықаралық қатынастар бойынша мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясатты әзірлеу және енгізу бойынша ұсыныстар енгізу; Еуразиялық экономикалық одақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі халықаралық экономикалық ықпалдастық стратегиясын әзірлеу мәселелері бойынша Департаменттің жұмысын үйлестіру; Қазақстан Республикасының шет елдермен, ірі халықаралық ұйымдармен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын нығайту бойынша жұмысты үйлестіру; сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындау және жауапты органы ретінде Министрлік айқындалған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарын өткізу бойынша жұмысты үйлестіру; шет елдермен ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық келісімдерді жасасу бойынша жұмысты үйлестіру; Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, Еуразиялық Үкіметаралық Кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы, Еуразиялық экономикалық комиссияның консультативтік комитеттері мен жұмыс топтары, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі үкіметаралық кеңесі отырыстарына материалдар дайындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ осы отырыстарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу; халықаралық қаржы ұйымдарының несие, гранттар және техникалық көмек көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіру; халықаралық экономикалық форумдарды ұйымдастыруға қатысу жөніндегі жұмысты үйлестіру; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің жетістіктерін насихаттау мақсатында ұзақ мерзімді халықаралық көрме іс-шараларын ұйымдастыру; шет елдермен ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында және бірлескен үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) және олардың кіші комитеттері шеңберінде қол жеткізілген, күшіне енген халықаралық келісімдер мен уағдаластықтарды іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне және Қазақстан Республикасының басқа да министрліктеріне тоқсан сайынғы және жартыжылдық есептік ақпаратты дайындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; шет елдермен ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық келісімдерді жасасу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ауыл шаруашылығы ұйымдарымен (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ИФАД), Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАБ), Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) және т.б.)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.04.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.04.2020 – 23.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 555-870,