Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, C-5 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
|
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім |
Функционалды міндеттер
Кіріс хат-хабарларды өңдеуді, оларды қарауды, тіркеуді және есепке алуды, құжаттарды тиесілілігі бойынша басшылыққа жеткізуді және таратуды және оның Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде жедел өтуін жүзеге асырады; шығыс хат-хабарлардың ресімделуінің дұрыстығын тексеруді және адресаттарға жөнелтуді, шығыс хат-хабарларды Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне, Парламентке және Премьер-Министрдің Кеңсесіне жеткізуді жүзеге асырады; құжат айналымы бойынша ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептілік жасауды жүзеге асырады; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын уақтылы қаралуына мониторингті жүргізеді; Басқарманың ағымдағы мұрағатымен жұмыс жасайды; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Кенесары көшесі, 36
-
+ 7 7172 555-870
+7 771 101 15 92