Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өсімдіктер карантині басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 21.04.2022 ж. дейін), санаты С-5, 1 бірлік, № 16-2-4.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Карантиндік объектілердің ошақтарын зерделеу, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау; пестицидтерді, оларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді сатып алуға конкурс өткізуге материалдар дайындау және пестицидтерді жеткізу, пестицидтерді сақтау және тасымалдау, химиялық өңдеуді жүргізу жөніндегі шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу және өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жүргізу; Қазақстан Республикасы аумағында карантидік-фитосанитариялық іс-шараларға  бақылау жүргізу,  карантинге жатқызылған өнімнің республикалық аралығында орнын ауыстыру жөніндегі іс-шараларды бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, аумақтық инспекциямен ұсынылатын өсімдік карантині бойынша ақпараттарды жинау және өндеу, құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылаудағы хаттар, сондай-ақ Комитет басшысының жазбаша және ауызша тапсырмаларын қамтамасыз ету, Министрліктің, Комитеттің веб-сайтын ақпараттық ілеспесін қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.06.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.06.2021 – 17.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

23.06.2021

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

555-885