Сыртқы бақылау мен қадағалау басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысына жалпы басшылық ету; карантинге жатқызылған өнімді импорттау, экспорттау, транзиттеу және мемлекетішілік орнын ауыстыру жөніндегі іс-шараларды бақылау; өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеден, шекара, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету бойынша жалпы басшылық ету; санитариялық және фитосанитариялық шараларды (СФШ) қолдану жөніндегі халықаралық стандарттарды, ДСҰ нормалары мен келісімдерін ескере отырып, мемлекеттік жүйені дамыту; өсімдіктер карантині сұрақтары бойынша халықаралық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру және қатысу; ЕАЭО, ТМД, ДСҰ, ШЫҰ және т.б. аясында өсімдіктер карантині саласында ынтымақтастық бойынша үйлестіру жұмыстарына қатысу; өсімдіктер карантині саласында халықаралық келісімдерді әзірлеу, сонымен қатар оның жүзеге асырылуын бақылауда ұстау; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауларын жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- 22.04.2020
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі 36, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты.
-
8-707-340-5668