Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Ғылыми қамтамасыз ету және әлеуметтік саясат басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Биология
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
АӨК ғылыми-технологиялық қамсыздандыру дамуын мониторингтеу, ахуал мен перспективасын талдау; АӨК-тегі ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету және әлеуметтік саясат мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу; агроөнеркәсіптік кешендегі ғылыми, ғылыми-технологиялық және әлеуметтік саясат стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және басқада бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуге қатысу; АӨК ғылыми-технологиялық қамсыздандыру жағдайын құруға қатысу; АӨК ғылыми, ғылыми-технологиялық және білімдік салаларында, сондай-ақ әлеуметтік саясат саласында бюджеттік сұраным мен бюджеттік бағдарламаны әзірлеуге қатысу; АӨК-тегі ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету және әлеуметтік саясат саласында нормативтік құқықтың актілерді (оның ішінде заңнамалық, заңға тәуелділік және басқада актілер) мен халықаралық құжаттарды әзірлеу және келісуіне қатысу; Еуразиялық экономикалық одақ аясында ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету және әлеуметтік саясат саласында регламенттерді әзірлеуге қатысу; АӨК-тегі ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету және әлеуметтік саясат саласында құқықтық мониторинг өткізу; Басқарма құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттар әзірлеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36
-
+ 7 7172 555-870
+7 771 101 15 92