Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті Мал шаруашылығы салаларын дамыту стратегиясы басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру; мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы стратегиялық құжаттарды, тұжырымдамаларды, бағдарламаларды және өзге де бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, мал шаруашылығы саласындағы салалық бағдарламаларды іске асыру барысын мониторингілеу, мал шаруашылығын дамытуды қолдауға және тиімділігін арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарды мониторингілеу және үйлестіру.; мал шаруашылығы, жемшөп өндірісі саласындағы заңнаманы жетілдіру, мал шаруашылығындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру; мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері мен нысандарын енгізу бойынша ұсыныстар енгізу; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы, тиісті бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын игеру туралы талдамалық ақпарат жасау; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; кеңестер мен өзге де іс-шараларды өткізу үшін мал шаруашылығы саласындағы мәселелер бойынша баяндамалар дайындауға қатысу, ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарының және мал шаруашылығы саласындағы өзге де салалық бағдарламалардың көрсеткіштерін әзірлеу және түзету; мал шаруашылығы саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту мен кеңейтуді ұйымдастыру; сыртқы ұйымдарды, оның ішінде Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарды тарту құқығымен, мал шаруашылығы және оның кіші салалары (етті және сүтті мал шаруашылығы, етті және жұмыртқа құс шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, Шошқа шаруашылығы, Түйе шаруашылығы, марал шаруашылығы, тауарлы балық шаруашылығы, омарта шаруашылығы және басқа да) саласында стратегиялық және орта мерзімді жоспарларды, тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, мастер-жоспарларды, даму болжамдарын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеу; Басқарма қызметінің бағыттарына жататын мәселелер бойынша Кеден одағы және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастық бойынша ұсыныстар енгізу; Басқарма қызметінің бағыттарына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Министрдің бұйрықтарын әзірлеу және келісу бойынша ұсыныстар енгізу, Департамент құзыретіне кіретін Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36
-
8 71 72 555 - 870
+7 771 101 15 92