Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті биологиялық қауіпсіздік және орны ауыстырылатын объектілер басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Жоғары тұрған Комитет басшыларының директивтік құжаттарын,тапсырмаларын орындау.
Ветеринария саласында жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын орындауына қатысты ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүргізу.
Техникалық регламенттерде белгіленген ветеринариялық-санитарлық бақылау талаптарының орындалуын жүзеге асыру.
Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Басқарманың құзыреті шегінде қарау.
Мемлекеттік қызметтер көрсету:
- ветеринариялық препараттар, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркей отырып тіркеу куәліктерін беру;
- ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларынсынақтан өткізу;
- ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру.
Ведомстволық мұрағатқа тапсыру мақсатында құжаттарды өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Министрлік сайтының ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету.
Құжаттарды уақытылы және сапалы түрде орындау, соның ішінде басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттар және Комитет басшыларымен берілген жазбаша және ауызша тапсырмаларды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.06.2021
- жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 555 945