Халықаралық ынтымақтастық және инвестицияларды тарту басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Журналистика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Қоғамдық байланыс
- Туризм
- Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
Функционалды міндеттер
Туристік саланы дамытудың стратегиялық көрсеткіштерін әзірлеу;
Туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты, халықаралық ынтымақтастықтың мемлекеттік саясатын қалыптастыруға және туризм саласында инвестициялар тартуға қатысу. Үкіметаралық комиссиялар отырыстарының хаттамаларын және іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекет басшыларының кездесулерінің қорытындылары бойынша орындау. Халықаралық келісімдерді іске асыру саласында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік деңгейде туризм саласындағы халықаралық іс-шараларға инвестициялар тарту және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік өтінімдерді, техникалық ерекшеліктерді, техникалық тапсырмаларды әзірлеу; туристік саладағы заңдардың, қаулылардың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу; туристік саланы дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу; ведомстволық мұрағатқа тапсыру үшін басқарманың құжаттарын дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ, Мәңгілік ел 8, «Министрліктер үйі», № 15 кіреберіс
-
74-09-79