Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Фитосанитариялық қауіпсіздік басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 19.04.2021 ж. бастап 21.01.2024 ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
104058 - 140691
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мүдделі және басқа да мемлекеттік органдармен келісу;
өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы қолданыстағы
нормативтік құқықтық актілерге талдау және мониторинг жүргізу; өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу; есептерді жинау мен талдау, фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша талдама ақпаратты әзірлеу; өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы бекітілген және әзірленіп жатқан, соның ішінде Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы да, нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу, өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы мемлекетаралық құжаттарды келісу, сонымен қатар Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенциямен, өсімдіктер карантині және оларды қорғау мәселелері бойынша алыс және жақын шет елдермен ақпарат алмасу және өзара әрекеттесу; өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша стратегиялық бағдарламаларға ұсыныстар әзірлеу, жетістік нәтижелерін талдау; жетекшілік ететін салалар бойынша жиынтық есептерді, талдауларды, баяндамаларды және басқа да тұсаукесер материалдарды дайындауға қатысу;жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және жауаптарын әзірлеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36
-
8 (71 72) 555-870,