Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы, уақытша (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысы кезеңінің аралығы 2022 жылғы 29 шілдеге дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы) санаты С-4, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік қызмет өткеруге байланысты жұмыс кешенін қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын, мемлекеттік қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізуді қамтамасыз ету; бағалау, аттестаттау және оқу нәтижелері туралы мәліметтерді, Комитет қызметкерлерінің және ұйым басшыларының жеке істері мен еңбек кітапшаларын жүргізу мен сақтау; жеке құрам бойынша, іссапарлар мен еңбек демалыстары бойынша бұйрықтар дайындау және оларды тіркеу; орындалу барысындағы құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарау; жыл сайынғы еңбек демалысының кестесін әзірлеу мен оны Комитет қызметкерлерінің еңбек демалысын пайдалануына сәйкес қалыптастыру және еңбек демалысынан уақытында шығуын бақылау; декларация тапсыру туралы, кіріс туралы анықтамаларды мемлекеттік қызметшілерге уақытында беруді қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.04.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2021 – 16.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.04.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-23-49