Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы, уақытша (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысы кезеңінің аралығы 2022 жылғы 22 шілдеге дейін) санаты С-3, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Міндеттемелер бойынша қаржы жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелрді қабылдауды бақылау; белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді ескеріп, төлемдер бойынша қаржы жоспарына сай қаражаттарды дұрыс, тиімді және мақсатқа сай шығындауды бақылау; мемлекеттік мекеменің қаржылдандыру жоспарын орындау процесінде туындайтын есептерді уақытылы жүргізуді бақылау. Комитеттің штат кестесін келісу. Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілік саласында қыземетті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орталық орган белгілеген мерзімде және тәртіпте бухгалтерлік, тоқсандық, жылдық есептілікті жасау және орындау; Комитеттің қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер мен анықтамалар қалыптастыру мен ұйымдастыруды қамтамасыз ету; Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру; Комитеттің бюджеттік жоспарлауын, бюджеттік өтінімдерін жасау, үш жылдық кезеңге бюджет жобаларын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; Комитетке тікелей қатысы бар қойылған мақсаттар, міндеттер мен индикаторлар бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыруды жүзеге асыру; Комитеттің қаржы қызметін, бюджеттік жоспарлауын және бюджеттің атқарылуын, бюджеттік қаражаттың нысаналы орындалуын және бюджеттік заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алу жоспарларын жасау және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Комитеттің мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу; мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету; Комитеттің ведомствоға бағынысты ұйымдарының (РМК, РМҚК) қаржы қызметіне мониторинг және талдау жүргізу; Комитеттің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының штат кестесін келісу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру; тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелер жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру; аттестаттау және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату,  мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдеу; мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлеу. Іс жүргізу және құжаттау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібін жүргізуге бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру; Атқарушылық және қызметтік тәртіпке бақылау жүргізуді ұйымдастыру; ақпараттық қауіпсіздік пен үздіксіз локальды желіні, серверлік жабдықтарды, компьютерлік және ұйымдастыру техникаларын, электрондық үкімет, веб-сайт, веб-портал және Комитеттің басқа да ақпараттық жүйелерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Басшылық анықтайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 07.04.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2021 – 16.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.04.2021

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-23-49