Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы (11-08)
ҚР АШМ АӨК МИК Шығыс Қазақстан аумақтық инспекциясы
Шығыс Қазақстан облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Агрономия
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Топырақтану және агрохимия
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Білім: биология
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы берілген нұсқаманың орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру. Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.08.2021
- 070004, ВКО, г. Усть - Каменогорск, улица Крылова 40, конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
8(7232) 25-43-90, факс 8(7232) 25-40-08