Лицензиялау және пестицидтерді тіркеу басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Химия
  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

«Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру», «Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру», «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыру;  ҚР аумағына кіргізілетін пестицидтердің электрондық реестрін жүргізу, пестицидтердің импортын келісу; пестицидтердің өндірістік және тіркеу сынақтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау; пестицидтерді қолдану регламентінің токсикологиялық бағалау жөніндегі зерттеулерді жүргізу, пестицидтердің өндірістік және тіркеу сынақтарын жүргізудің жоспарын құру және бекіту, өндірістік және тіркеу сынақтарын жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру; «ҚР аумағында қолдануға рұқсат берілген пестицидтердің тізімін» және оған жыл сайынғы толықтыруларды дайындау;  пестицидтерді  мемлекеттік тіркеу және лицензиялау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және жүзеге асыру; пестицидтерді сатып алу жөніндегі конкурстарды өткізуге материалдар дайындау; пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және лицензиялау мәселелері бойынша материалдар дайындау.

Жарияланған күні: 13.04.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.04.2020 – 16.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    22.04.2020

    Сұхбаттасу орны

    г. Нур-Султан, ул. Кенесары, 36, здание Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

    Анықтама алу үшін байланыс

    8-707-340-5668