Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өсімдіктер карантині басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік, № 16-2-1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
154141 - 208294
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне карантиндік объектілердің ошақтарын зерделеу, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау, өсімдіктер карантині жөніндегі ақпаратты жинау және ұйымдастыру; пестицидтерді, оларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді сатып алуға конкурс өткізуге материалдар дайындау және пестицидтерді жеткізу, пестицидтерді сақтау және тасымалдау, химиялық өңдеуді жүргізу жөніндегі шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктер карантин бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау, Қазақстан Республикасы аумағында карантидік-фитосанитариялық іс-шараларға бақылау жүргізу, карантинге жатқызылған өнімнің республикалық аралығында орнын ауыстыру жөніндегі іс-шараларды бақылау; өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу және өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жүргізу; өсімдіктер карантині жөніндегі заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету; өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес стратегияны, стратегиялық және жедел жоспарларды іске асыру; санитариялық және фитосанитариялық шараларды (СФШ) қолдану жөніндегі халықаралық стандарттарды, ДСҰ нормалары мен келісімдерін ескере отырып, мемлекеттік жүйені дамыту; өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеден, шекара, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету бойынша жалпы басшылық ету; басқарма қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауларын, жалпы бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.04.2021
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
555-885