Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 04.11.2020 ж. бастап 23.09.2023 ж. дейін), санаты С-3, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы

Қосымша талаптар

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы орындалуын ұйымдастыру; мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу; мемлекеттік, салалық және секторалдық бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асырылуын үйлестіру, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жағдайы мен дамуын мониторингілеу, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуын болжауды жүзеге асыру, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібінің отандық және әлемдік өндірісін, экспортын, импортына талдау жасау, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің түрлері бойынша өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижелеріне талдау жасау, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және құқықтық мониторинг жүргізу,  елдің өнеркәсіптік қауіпсіздігін дамытуға, халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласын мемлекеттік қолдауға бағытталған шараларды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында бюджеттік өтінім мен бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнеркәсібі саласында бизнес-жаспарларға, инвестициялық жобаларға қорытындыларды әзірлеу, басшылық және жоғары тұрған ұйымдарға ақпарат дайындау, анықтамалар мен басқа да құжаттарды әзірлеу, Департамент құзыретіне кіретін Департаменттің, Министрліктің басшыларының тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.03.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.03.2021 – 31.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефондар: 8 (71 72) 555-870