Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті Персоналды дамыту басқармасының сарапшысы, санаты С-5 (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 13.09.2018 ж. бастап 19.07.2021 ж. дейін), 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

    1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

    2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

    Функционалды міндеттер

    Басқарма жұмысымен байланысты құжаттарды дайындау, іс қағаздарының жедел және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлік басшыларының құжаттарын, міндеттерін және тапсырмаларын уақтылы орындау; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты Министрліктің шешімдерін рәсімдеу; мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына қажетті жазбалар енгізу; Басқарманың ағымдағы мұрағатының жұмысын жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындау; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты шектеулерді сақтауын бақылау; әскери есепті жүргізу.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 16.03.2021

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    17.03.2021 – 30.03.2021
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары к., 36

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (71 72) 555-870,