Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Баспасөз хатшысы - бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік, № 16-0-3.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Филология
  • Журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Аграрлық техника және технология

Қосымша талаптар

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және стратегиялық құжаттарды білу. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара қарым-қатынасты үйлестіру; Комитеттің абырой-беделін сақтау және көтеру; Комитеттің ресми өкілі ретінде БАҚ-қа ақпарат беру, жауап беру, бұқаралық ақпарат құралдары басшылары арасында байланыс орнату мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас қалыптастыру; Комитетте  өтетін іс-шаралар туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарына жетуін қамтамасыз ету; бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қарым-қатынасын жолға қою, PR-акцияларын, баспасөз-конференциялары мен сұхбат беру, баспасөз-турларын  ұйымдастыру және өткізу; Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен, ҚР АКМ орталық коммуникация қызметімен өзара байланыс жасау; Медиа-жоспардың жүзеге асуын қадағалау; құрылымдық бөлімшелердің ақпараттық саясат концепцияларын дайындау; Министрліктің ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына ақпарат салуды үйлестіру;Министрліктің интернет-ресурстарын қолдау мен жүргізуге, мерзімді басылымдарға жазылу үшін компанияларды ұйымдастыруға бөлінген бюджеттік қаржыны дер кезінде игеруді бақылау; ақпараттық-имидждік саясат мәселелері бойынша оқу-үйрету тренингтері мен семинарлар ұйымдастыру; жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.03.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.03.2021 – 19.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.03.2021

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

555-885